Жаңаөзенде 29 жастағы дәрігер пышақ жарақатынан көз жұмды

0
123

Күдікті Жаңаөзен қаласының полиция басқармасына өз еркімен барып, жасаған әрекетін мойындаған.


Жаңаөзенде 29 жастағы дәрігер пышақ жарақатынан көз жұмды

фото: Sputnik / Murad Orujov

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында пышақ жарақаты салдарынан 29 жастағы ер адам қайтыс болды, деп жазады sputnik.kz.
Жәбірленуші ауруханада дәрігер болып жұмыс істеген.
"Жанжал отбасылық-тұрмыстық негізде болған. Екі ер адам арасында жанжал туындап, соңы қайғылы оқиғамен аяқталды", дейді полиция.
Болған оқиғадан кейін күдікті Жаңаөзен қаласының полиция басқармасына өз еркімен барып, жасаған әрекетін мойындаған.
Аталған факті бойынша қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тергеу іс-шаралары жүріп жатыр.