Сауранбаев бүгін алғаш рет министр ретінде үкімет отырысына қатысты.
фото: Официальный сайт Президента Казахстана
ERNUR.KZ. Жаңадан тағайындалған көлік министрі Нұрлан Сауранбаев ант берді, деп жазады sputnik.kz.
Сауранбаев бүгін алғаш рет министр ретінде үкімет отырысына қатысты. Сол жерде халыққа адал еңбек етуге ант берді.
"Қазақстан Республикасының халқы мен президенті алдында, өз Отаным – Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму ісіне өзімнің барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-әрекетімде заңдылық пен әділеттік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі және дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант етемін", - деді Сауранбаев.
Айта кетері, кеше Нұрлан Сауранбаев президент қаулысымен министр қызметіне тағайындалған болатын. Бұған дейін ол "Қазақстан темір жолы" компаниясын басқарған.