Жамбыл облысының тұрғындары жер сілкінісін сезінді

0
90

Мәліметке сәйкес, жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан батысқа қарай 413 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.


Жамбыл облысының тұрғындары жер сілкінісін сезінді
Фото: Shutterstock.com
ERNUR.KZ. Қазақстандық сейсмологтар жер сілкінісін тіркеді. Тараз қаласында жер асты дүмпулері болжам бойынша 2 балл деңгейінде сезілген, деп жазады Stan.kz.

4 шілде күні төтенше жағдайлар министрлігінің "Сейсмологиялық зерттеулер мен ақпараттың ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 4 шілде күні Астана уақытымен сағат 04:40-та жер сілкінісін тіркеді.

“Тараз қаласында 2 балдық жер сілкінісі сезілді", – делінген хабарламада.

Мәліметке сәйкес, жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан батысқа қарай 413 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан. ТЖМ мәліметінше, зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.

Министрлік жер сілкінісі кезінде орындауға тиіс 10 қарапайым қадамды еске салды:

  1. Сабыр сақтаңыз, үрейге берілмеңіз.
  2. Дүмпу кезінде лифт пен баспалдақты пайдаланбаңыз.
  3. Жиһаздан, терезеден және аспалы шамдардан алыс тұрыңыз.
  4. Сенімді әрі берік паналайтын орын табыңыз. Егер көпқабатты үйдің жоғарғы қабатында болсаңыз, көтергіш (негізгі) қабырғалардың бұрышына орналасуға тырысыңыз.
  5. Дүмпулер тоқтағаннан кейін ғана ғимараттан шығыңыз (әсіресе көпқабатты үйлерде).
  6. Су, газ және электр қуатын өшіріңіз.
  7. Алдын ала дайындалған төтенше жағдай сөмкесін өзіңізбен бірге алыңыз.
  8. Электр желілерінен, ғимараттардан және ағаштардан алыс болыңыз.
  9. Қайталама жер дүмпулеріне дайын болыңыз.
  10. Егде жастағы адамдарға және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмек көрсетіңіз.