29 жолаушы автобустан өз бетінше шығып үлгерген.
     ERNUR.KZ.  Жамбыл облысында жолаушылар автобусы өртеніп кетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Автобус Алматы – Ташкент автокөлік жолында кетіп бара жатқан.
«Өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін 29 жолаушы өз бетінше автобустан шықты. Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.
Өрттің алдын ала себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы.
Өртті сөндіруге ТЖД-ның 9 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды.

 
                        

 
                         
                    









 
                     
                     
                     
                     
                    
