Жамбыл облысында екі ай ішінде кәмелет жасына толмаған 27 қыз жүкті болған

0
175

​Бірақ, басқарма басшылары олардың бәрі 16 жастан асқанын хабарлап отыр.


Жамбыл облысында екі ай ішінде кәмелет жасына толмаған 27 қыз жүкті болған

Фото: freepik.com

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында соңғы екі ай ішінде кәмелет жасына толмаған 27 қыздың аяғы ауыр болғаны анықталған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«TARAZ 24» телеарнасының мәліметінше, бұл 2026 жылдың қаңтар-ақпан айындағы мәлімет.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының Ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі бөлім басшысы Айжан Терлікбаеваның айтуынша, 27 жасөспірім әлі 18 жасқа толмаған. Бірақ, олардың арасында 16 жастан кіші қыздар жоқ дейді ол.

Дереккөзге сүйенсек, былтыр осы уақытта 44 жасөспірім қыздан жүктілік анықталған.

Ал, биылғы мәліметті тереңірек зерттесек, жүкті болған қыздардың 23-і 16-17 жастағы қыздар. Тағы 4 қыз тұрмысқа шыққан.