Қыздың баланы ернінен сүйген видеосы желіде қызу талқыға түсті: полиция тексеру жүргізіп жатыр

0
184

Жарияланым авторы бұл видеоны жариялау-жарияламауға қатысты ұзақ уақыт бойы күмәнданғанын мойындады.


Қыздың баланы ернінен сүйген видеосы желіде қызу талқыға түсті: полиция тексеру жүргізіп жатыр

Бейнежазба кадры

ERNUR.KZ. Көлік ішінде қыздың баланы ернінен сүйген видеосы әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті. Кадрлар Желіде тез тарап, бұл жағдайға Астана полициясы назар аударды, деп жазады tengrinews.kz.

Әлеуметтік желідегі жазба

Жарияланым авторы бұл видеоны жариялау-жарияламауға қатысты ұзақ уақыт бойы күмәнданғанын мойындады. Оның айтуынша, ол кадрларды Threads желісінен байқаған және видеодағы адамдарды да, оқиғаның мән-жайын да білмейді.

"Бірден айтайын: мен ешкімді сөккім немесе айыптағым келмейді. Мүмкін, бұл отбасы үшін бұл жағдай мүлдем басқаша қабылданатын шығар. Бірақ жеке өзім үшін бұл шектен шыққандық. Мәселе тіпті видеода да емес. Мәселе ересектердің кейде балаларға және олардың жеке шекараларына қалай қарайтынында", - деп жазды ол.

Скриншот: Threads

Полиция жауабы

Астана полициясы видеода баланы ернінен сүйген қызды анықтаған. Құқық қорғау органдары мәліметінше, ол 23 жаста және баланың анасының құрбысы болып шықты.

"Қазіргі уақытта қызға қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр. Ол аяқталғаннан кейін құқық қорғау органдары жағдайға құқықтық баға береді", - деп хабарлады Астананың Алматы аудандық полиция басқармасы.

Сонымен қатар полиция баланың анасына қатысты қолданылған шаралар туралы мәлімдеді. Ведомство мәліметінше, әйел жайтты өзі телефонға түсірген. Ол ӘҚБтК-нің 505-бабы баланы тәрбиелеу және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Бұған дейін Батыс Қазақстан облысында сот әйелді ата-ана құқығынан айырған болатын. Оның 10 жастағы ұлының өте нашар жағдайда өмір сүргені, мектепке бармағаны белгілі болды.