Жамбыл облысында 12 жастағы жеткіншекті зорлады: күдікті қамауға алынды

0
114

Ер адам алғаш рет арам пиғылын шаруа қожалықтарының бірінде іске асырған.


Жамбыл облысында 12 жастағы жеткіншекті зорлады: күдікті қамауға алынды

фото: Sputnik / Тимур Батыршин

ERNUR.KZ. Жамбыл облысы Шу ауданында ер адам 12 жастағы қызды бір жарым жыл жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген, деп жазады sputnik.kz.
Оқиға туралы әлеуметтік желіде тарады. Онда Шу ауданының 46 жастағы тұрғыны бір жарым жыл бойы кәмелетке толмаған қызды зорлаған делінген. Дәл осындай арызбен полицияға қыздың анасы жүгінген.
Ер адам алғаш рет арам пиғылын шаруа қожалықтарының бірінде іске асырған. Кейін қыздың дәрменсіздігін пайдаланып, қылмыстық әрекетін жалғастырған. Полиция қылмыстық іс қозғап, күдікті қамауға алынды.
"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті анықталып, қамалды. Тергеу органдары істің барлық мән-жайын жан-жақты әрі мұқият анықтап жатыр. Сондай-ақ уәкілетті органдар мен мамандардың қатысуымен жәбірленушінің құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуы қамтамасыз етіліп жатыр", - дейді Жамбыл облыстық полиция департаментінде.
Полиция өзге ақпарат жария етілмейтін айтты.