Жалған ақпарат: солтүстік өңірге қатысты тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді

0
225


Жалған ақпарат: солтүстік өңірге қатысты тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді

ERNUR.KZ. ҚР Әділет министрлігінің ресми ұстанымы


Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев еліміздің солтүстік өңірлеріне ерекше құқықтық мәртебе беруді ұсынды деген мазмұндағы ақпарат таралуда.
ҚР Әділет министрлігі аталған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде мәлімдейді.
Сондай-ақ, жалған ақпарат тарату ҚР заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екенін ескертеміз.
Барша азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарын тек ресми дереккөздерге және тексерілген ақпаратқа сүйенуге шақырамыз!