Яндекс Такси арқылы табыс тапса да, қасақана алимент төлемейтін адамдар бар.
фото: Sputnik / Владислав Воднев
ERNUR.KZ. Алматы прокуратурасы мен Yandex Qazaqstan ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп жазады sputnik.kz.
Меморандумның негізгі мақсаты - алимент төлеуден жалтарғандарды анықтау. Себебі бүгінде қабылданған шараларға қарамастан, формальді түрде жұмыссыз, бірақ іс жүзінде сандық платформалар, соның ішінде Яндекс Такси арқылы табыс тапса да, қасақана алимент төлемейтін адамдар бар.
Былтыр Яндекс.Таксиде табысын жасырып жүрген 110 адам анықталған болатын. Сол кезде 57-сіне әкімшілік шара қолданылса, 10 факті бойынша сотқа дейінгі тергеу қолға алынған болатын.
"Ал келісім, жүйелі және заңды ақпараттық өзара іс-қимылды, жедел мәлімет алмасуды, сондай-ақ кірістерді жасыру және алименттік берешектің пайда болу фактілерін анықтауға және жолын кесуге жәрдемдесуді көздейді", - дейді прокурорлар.


