Көпір шатқалдың екі жағын жалғап, оқушыларға арналған болашақтағы "Мың бала" спорт клубына жол ашады.
ERNUR.KZ. Алматының маңындағы Горельник шатқалында ұзындығы 77 метр болатын көпір пайдалануға беріледі, деп жазады sputnik.kz.
"Arman-köpir" деп аталатын жаяу жүргіншілерге арналған көпір ыркүйек айында пайдалануға беріледі. Көпір шатқалдың екі жағын жалғап, оқушыларға арналған болашақтағы "Мың бала" спорт клубына жол ашады.
Жоба Еуропа таулы аймағында аспалы көпір салумен танылған швейцариялық компаниямен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр. Көпір жер бедеріне бейімделіп салынған, халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сай келеді.
Әкімдіктегілер хабарлағандай, көктемде осы шатқалда ұзындығы 285 метрлік жарықпен және тынығу бұрыштарымен жабдықталған "Жұмбақ жол" экосоқпағы ашылды.
Бұл жобалар экотуризмді дамытуға, табиғатты аялауға жол ашып, балаларға қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыруға бағытталған, дейді әкімдіктегілер.