Экс-бөлім басшысы қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
фото: Sputnik / Владислав Воднев
ERNUR.KZ.  Ұлытау облысы Жезқазған қаласында 218 млн теңге бюджет қаражаты негізсіз жұмсалған, деп жазады sputnik.kz.
"Жезқазған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінде жоғары баға бойынша құрылыс жұмыстары қабылданған. Негізсіз төленген бюджет қаражатының сомасы 218 млн теңге", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Бөлімнің бұрынғы басшысы Қылмыстық кодекстің 371-бабы бойынша жауапқа тартылып, қаражат мемлекетке қайтарылды.

 
                        

 
                         
                    









 
                     
                     
                     
                     
                    
