Мобильді қосымшаларда құжаттар жаңартылмаған. Ақпараттың дұрыс көрсетілуі үшін не істеу керек?
ERNUR.KZ. Қазақстандықтар eGov.kz-тегі жеке кабинеттері мен мобильді қосымшаларда «Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасы бойынша 2025 жылға арналған аударымдардың көрінбейтінін айтуда. Осыған қатысты Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры не істеу керегін түсіндірді, деп жазады baq.kz.
Заңды өкілдер тарапынан eGov.kz электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетте, сондай-ақ eGov Mobile және екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында 2025 есепті жылы балаларына есептелген нысаналы талаптар туралы ақпараттың көрсетілмеуі мәселесі бойынша өтініштердің түсуіне орай БЖЗҚ аталған жағдай келесі себептерге байланысты болуы мүмкін екенін хабарлады.
1. Мобильді қосымшаларда құжаттар жаңартылмаған. Ақпараттың дұрыс көрсетілуі үшін келесі амалды орындау қажет:
- eGov Mobile қосымшасында: "цифрлық құжаттар" - "отбасы" - "құжаттар тізімін жаңарту" - "Ұлттық қордан есептеулер";
- екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында, мысалы Kaspi.kz:" Мемлекеттік қызметтер " - "барлық құжаттар" - "құжаттар тізімін жаңарту" - "Ұлттық қордан есептеулер".
2. Биыл 18 жасқа толған немесе толатын балаларға нысаналы талаптарды есептеу туралы мәліметтер көрінбейді.
Бұл жағдайда ақпарат заңды өкілдің жеке кабинетінде көрсетілмейді. Себебі нысаналы талаптар нысаналы жинақтар (НЖ) мәртебесіне ие болды және енді НЖ туралы мәліметтерге қол жеткізу құқығы оларды алушыға (2026 жылы 18 жасқа толған немесе толатын азамат) тікелей қолжетімді болады, - деп жазылған БЖЗҚ хабарламасында.
БЖЗҚ балалардың заңды өкілдеріне цифрлық құжаттарды мобильді қосымшаларда уақытылы жаңарту, сондай-ақ кәмелетке толған азаматтарға НЖ туралы ақпаратқа оны пайдаланушылардың өздері ғана қол жеткізе алатындығын түсіндіру қажет екенін еске салады.
Баланың бағдарламаға қатысу фактісі және 18 жасқа дейінгі балаларға есептелген нысаналы талаптар туралы ақпаратты кәмелетке толмаған азаматтың ата-аналары немесе басқа да заңды өкілдері баланың ЖСН бойынша kids.enpf.kz сайтынан тексере алады, мұнда бағдарламаның шарттарымен, нұсқаулықтармен, сондай-ақ қызықтырған сұрақтардың жауаптарымен танысуға мүмкіндік бар, - делінген хабарламада.


