ШЫМКЕНТ: Кезекті 30 отбасының тұрмыстық жағдайы жақсарды

0
89

Шымкентте тағы 30 отбасы жаңа пәтерлі болды.


ШЫМКЕНТ: Кезекті 30 отбасының тұрмыстық жағдайы жақсарды

ERNUR.KZ. Пәтер кілттерін табыстау рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.

Көп қабатты үйлер Бозарық, Ақжайық және Асар-2 шағынаудандарында орналасқан. Пәтерлерді «Отбасы банк» АҚ-ның «2-10-20» және «5-10-20» жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламаларына қатысып, төлем қабілеттілігі мен бағдарлама талаптарына сәйкестігін растаған азаматтар сатып алды.
Жаңа баспана иелерінің қатарында көп балалы отбасылар, мүгедектігі бар азаматтар, толық емес отбасылардың өкілдері және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері бар.
Жеңілдетілген бағдарламалар қала тұрғындарына қолжетімді шарттармен үй сатып алуға мүмкіндік береді. Бірнеше жыл бойы баспана мәселесін шешуге ұмтылған отбасылар үшін жеке пәтерге ие болу – тұрғын үй жағдайын жақсартуға берілген мүмкіндік.
Айта кетейік, Бозарықтағы жаңа үйлер шағынауданда заманауи тұрғын үй құрылысын қалыптастыратын нысандардың қатарына жатады. Шағынауданның дамуымен бірге мұнда тұрғындардың күнделікті өміріне қажет жағдайлар жасалуда.
Шымкентте қолжетімді баспанаға сұраныс сақталуда. Осыған байланысты қала әкімдігі баспана құрылысының көлемін арттырып, жеңілдетілген бағдарламалар арқылы пәтер сатып алу мүмкіндіктерін кеңейтуді жалғастыруда.