Ұлттық компаниялар жұмсамаған қаражатты жыл соңында бюджетке қайтарады

0
169

​Бұл қаражатты тиімді пайдалануға мүмкіндік бермек.


Ұлттық компаниялар жұмсамаған қаражатты жыл соңында бюджетке қайтарады

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Қазақстанда квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жарғылық капиталды құру немесе ұлғайту мақсатында бөлінген, алайда пайдаланылмаған қаражатты мемлекетке қайтару тәртібі енгізілді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бұл жаңашыл механизм Жоғары аудиторлық палатаның бастамасымен Ұлттық экономика министрлігі мен Қаржы министрлігі тарапынан әзірленіп, 2024 жылғы 15 наурызда мемлекет басшысы қол қойған жаңа Бюджет кодексіне енгізілді.

«Бұл бастама бюджет қаражатының тиімді әрі мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етуге бағытталған. Енді ұлттық компаниялардың шоттарында бос жатқан қаражат кері қайтарылады да, олар әлеуметтік және экономикалық маңызы жоғары жобаларға жұмсалуы мүмкін. Мысалы, бұл қаражат ұзақ мерзімді инвестициялық жобаларды іске асыруға, инфрақұрылымды дамытуға немесе басқа да басым міндеттерді шешуге бағытталады», - делінген хабарламада.

Жаңа норма квазимемлекеттік сектор ұйымдарының қаржыны жоспарлау мен игеру барысындағы жауапкершілігін арттырады. Себебі енді игерілмеген қаражат міндетті түрде мемлекеттік бюджетке қайтарылады. Бұл өз кезегінде тиімсіз жұмсау тәуекелдерін төмендетіп, есептілік пен ашықтықты күшейтеді.