Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18 пайыз деңгейінде қалдырды

0
103

Бұл шешім негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер мен инфляция тәуекелдерінің теңгеріміне сүйене отырып қабылданған.


Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18 пайыз деңгейінде қалдырды

Фото © Tengrinews.kz / Маржан Куандыкова

ERNUR.KZ. Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 18 пайыз деңгейінде қалдыру туралы шешім қабылдады, деп жазады tengrinews.kz.

Бұл шешім негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер мен инфляция тәуекелдерінің теңгеріміне сүйене отырып қабылданған.

"Жылдық инфляция 2026 жылғы ақпанда болжамдарға сай келіп, 11,7 пайызға дейін төмендеді (қаңтарда – 12,2 пайыз). Инфляцияның барлық компоненті қарқынның төмендеп келе жатқанын көрсетіп отыр. Азық-түлік тауарлары бойынша бағаның өсуі 12,7 пайыз, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша 11,6 пайыз, ақылы қызметтер бойынша – 10,8 пайыз болды", - делінген хабарламада.

Дегенмен, айлық инфляция 2026 жылғы ақпанда жеделдеп, 1,1 пайыз, базалық инфляция ақпанда 0,8 пайыз болды.

Базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешім 2026 жылғы 24 сәуірде Астана уақытымен сағат 12:00-де жарияланады.