Үлкен Алматы көлі маңында тауда адасқан 4 қыз құтқарылды

0
89

Қыздардың медициналық көмек қажет болмаған.


Үлкен Алматы көлі маңында тауда адасқан 4 қыз құтқарылды

Фото: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі телеграм

ERNUR.KZ. Алматыда Үлкен Алматы көлі маңында шамамен 2500 метр биіктікте төрт қыз тауда адасып қалды, деп жазады inbusiness.kz.

Қыздар БАО-ға көтерілгенімен, жолда бағытынан жаңылып, өздігінен төмен түсе алмаған. Құтқарушылар оларды тауып, қауіпсіз жерге дейін алып түсті.

Қыздарға медициналық көмек қажет болмаған. Кейін олар туыстарымен бірге үйлеріне қайтқан.