Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл болуы мүмкін, түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.
фото:Sputnik / Анатолий Устиненко
ERNUR.KZ. "Қазгидромет" синоптиктері 9, 10 және 11 мамырға жасалған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады sputnik.kz.
Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады –найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
"9 мамырда елдің оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде, ал 10-11 мамырда шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Кей жерлерде бұршақ жауып, екпінді жел соғады", - деп жазылған хабарламада.
Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл болуы мүмкін, түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.
Қазақстан аумағында ауа температурасы біртіндеп төмендейді. 11 мамырда елдің солтүстік бөлігінде түнде 1-6 градусқа дейін үсік жүреді.
Күндізгі температура көрсеткіші:
батыста: 13-28 градус жылы,
солтүстік-батыста: 10-18 градус жылы,
солтүстікте: 5-13 градус жылы,
орталық пен шығыста: 8-18 градус жылы,
оңтүстікте: 17-26 градус жылы,
оңтүстік-шығыста: 15-22 градус жылы,
таулы аймақтарда: 8-13 градус жылы болады.


