Трамп 1 тамыздан бастап Қазақстаннан келетін тауарларға баж салығын енгізетінін мәлімдеді

0
115

Баж салығының көлемі 25%-ті құрайды.


Трамп 1 тамыздан бастап Қазақстаннан келетін тауарларға баж салығын енгізетінін мәлімдеді

фото: Sputnik

ERNUR.KZ. АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ-қа келетін импортқа баж салығын енгізетінін мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.
14 елдің тізімінде Қазақстан да бар. АҚШ-қа жеткізілетін тауарларға қатысты республикаға 25% көлемінде баж салығы салынады.
Бұған дейін Қазақстанның сауда министрлігі баж салығын енгізу қазақстандық экспортқа айтарлықтай әсер етпейтінін мәлімдеген. Ведомстводағылар АҚШ-пен тарифтерді қолданбау туралы келіссөздер жүріп жатқанын хабарлады.