Қазіргі уақытта 5 банк жүйеге толық қосылған.
Фото: © istockphoto.com
ERNUR.KZ. Мобильді төлемдерді жеңілдететін бірыңғай QR-код жүйесі 2025 жылдың соңына дейін іске қосылады, деп жазады Azattyq Rýhy.
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов екінші деңгейлі банктер басшыларымен кездесіп, Межбанктік мобильді төлем жүйесінің даму жоспарын талқылады. Басқосуда телефон нөмірі арқылы ақша аудару және бірыңғай QR-код арқылы төлем жасау сынды жаңа сервистердің жай-күйі баяндалды.
Ұлттық төлем корпорациясы ұсынған мәліметтерге сәйкес:
- Қазіргі уақытта 5 банк жүйеге толық қосылған
- Тағы 4 банк тестілеу және техникалық біріктіру кезеңінде
- Қыркүйекке дейін барлық банктер жүйеге қосылады деп жоспарланған
Кездесуде банкаралық QR-төлемдерді енгізу де көтерілді. Бұл – барлық банктер арасында бірдей форматтағы QR-кодты пайдалану арқылы төлем қабылдауды жеңілдететін шешім болмақ.
Сонымен қатар алаяқтыққа қарсы қауіпсіздік шаралары да күшейтілуде:
- Клиент деректерін беру форматы қайта қаралды
- Ақпарат енді толық әрі құрылымдалған түрде беріледі
- Банктерге жүйеге қосылу кезінде қауіпсіздік талаптары күшейтілді
Ұлттық банк мәліметінше, барлық техникалық жұмыс пен QR форматтарын келісуаяқталғаннан кейін, 2025 жылдың соңына дейін бірыңғай жүйе толық қолданысқа енгізіледі. Бұл жүйе барлық банк клиенттері үшін қолжетімді болады.
- QR арқылы төлем жасау жылдам әрі қауіпсіз
- Банк атауына қарамастан, барлық POS-терминалдарда бірыңғай кодпен төлеуге болады
- Бұл – сандық қаржы инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам.