Тоқаев Трампты “Артемида-2“ миссиясының табысты орындалуымен құттықтады

0
80


Тоқаев Трампты “Артемида-2“ миссиясының табысты орындалуымен құттықтады

Ақорданың баспасөз қызметі

ERNUR.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты "Артемида-2" миссиясының табысты орындалуымен құттықтады, деп жазады tengrinews.kz.

Мемлекет басшысы "Артемида-2" миссиясының сәтті аяқталуына орай АҚШ Президентіне құттықтау хатын жолдап, адамзаттың кейінгі жарты ғасырдағы Айға жасаған алғашқы сапары ғарышты игеруде тарихи кезеңге айналғанын атап өтті.

Президент АҚШ-тың озық ғылыми жетістіктеріне жоғары баға берді. Бұл дүние жүзіндегі ғалымдардың, инженерлер мен зерттеушілердің жаңа буынын жігерлендіріп, білім көкжиегін кеңейтетінін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа "Артемида" бағдарламасын және ғарыш саласындағы басқа да бастамаларды іске асыруда табыс тіледі.