Келесі жылы оқушылар ҰБТ-ны басқаша тапсырады – үкімет нақты өзгерістерді жариялады

0
123

Қазіргі кезде жоғары оқу орындары білімді, дарынды жастарды өз бетінше іріктей алмайды


Келесі жылы оқушылар ҰБТ-ны басқаша тапсырады – үкімет нақты өзгерістерді жариялады

© Photo : Пресс-служба Министерства науки и высшего образования РК

ERNUR.KZ. Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ҰБТ-ның қалай өзгеретінін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Үкімет білім саласындағы кемшіліктерді анықтап, түзетуге кірісті.

"Атап айтсақ, ҰБТ-ны бірнеше рет тапсыру жүйесі талапкерлерді сапалы іріктеу мәселесін толық шешпейді. Сонымен қатар, қазіргі кезде жоғары оқу орындары білімді, дарынды жастарды өз бетінше іріктей алмайды. Себебі мүмкіндіктері шектеулі. Бұл, ең алдымен, адами капиталды дамытудың негізгі қозғаушы күші саналатын педагогикалық жоғары оқу орындарына қатысты", - дейді Балаева.

Осыған байланысты ҰБТ-ға қатысты бірқатар шаралар қолға алынады. Олар:

педагогикалық жоғары оқу орындарына талапкерлерді іріктеу кезінде тестілеу жүйесі мен арнайы емтихандарды қатар қолданатын гибридті бағалау формасын енгізу;

ҰБТ-ны бір рет тапсыратындай етіп бекіту;

жоғары оқу орындарына шартты түрде қабылдау жүйесінен бас тарту;

Осылайша, келесі жылдан бастап педагогикалық мамандықтарға түсу кезінде ҰБТ-мен қатар ауызша емтихандардың нәтижелері де ескеріледі.

"Бұл емтихандарда талапкерлердің сыни ойлау қабілеті мен коммуникациялық дағдылары негізгі критерий болады. Сондай-ақ бұл мәселеде халықаралық сарапшылармен бірлесіп әзірленіп жатқан жаңа Admissions Insight Test тапсырмаларына ерекше мән беріледі", - деді вице-премьер.

Ал ҰБТ-ны бір рет тапсыруға мүмкіндік берілсе де, білім деңгейін бағалау және дайындық әдістерін уақытылы түзету үшін сынақ тестілеу жүйесі қала береді.