Теміртауда қабаған ит аулада ойнап жүрген балаға шабуыл жасап, қолының бір шетін жұлып алған

0
111

​Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.


Теміртауда қабаған ит аулада ойнап жүрген балаға шабуыл жасап, қолының бір шетін жұлып алған

Фото: Видеодан скрин

ERNUR.KZ. Қарағанды облысының Теміртау қаласында қабаған ит аулада ойнап жүрген балаға шабуыл жасап, қолының бір шетін ойып тастады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оқиға 1 мамыр күні болған. Агенттік тілшісі облыстық Полиция департаментіне жүгініп, оқиғаның мән-жайын білді.

«Полицияға Теміртау қалалық орталық ауруханасының жарақат пунктіне Бұқар жырау ауданы Актөбе ауылының 12 жастағы тұрғыны «ит тістеп алған жарақат» диагнозымен жүгінгені туралы хабарлама түскен. Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері 52 жастағы ит иесіне қатысты әкімшілік іс жүргізуді бастады», – дейді Полиция департаменті.

Ведомство мәліметінше, жарақат алған бала емделіп шыққаннан кейін және қажетті процессуалдық әрекеттер аяқталған соң түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Кейбір дереккөздерде ит иесі полиция қызметкері екені туралы ақпарат тараған. Алайда Полиция департаменті бұл мәліметті жоққа шығарды.