Тараздағы төбелес: Мектепте тағы бір оқушы қайтыс болды

0
69

Оқиға мектепте, үзіліс кезінде болған.


Тараздағы төбелес: Мектепте тағы бір оқушы қайтыс болды

ERNUR.KZ. Таразда сыныптасының соққысынан зардап шеккен оқушы қайтыс болды, деп жазады baq.kz.

Оқиға мектепте, үзіліс кезінде болған. Оқушылардың дәретханада төбелескені анықталды. Соның салдарынан бір оқушы қаза тапты.

Полиция оқушының көз жұмғанын растады.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігіне (адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру) сәйкес тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті жасөспірім анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қылмыстық істі жан-жақты, объективті және толық тергеуге бағытталған барлық қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізілуде, - деп хабарлады өңірлік полиция департаменті.

Еске салайық, 12 қыркүйекте Жамбыл облысында футбол матчы кезінде 10-сынып оқушылары 11-сыныптың командасын ұтып кеткеннен кейін екі тарап арасында жанжал шыққан. Сол сәтте үлкен сыныптың бір оқушысы 10-сыныпта оқитын баланы соққыға жығып, ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған болатын.