​Таразда белгісіз адам су қоймасының шлюзін ашып, ондаған үйді су басты

0
101

Оқиға 7 тамыз күні кешкі сағат 20:35 шамасында болған.


​Таразда белгісіз адам су қоймасының шлюзін ашып, ондаған үйді су басты

Фото: Видеодан скрин

ERNUR.KZ. Тараз қаласында белгісіз адамның рұқсатсыз «Зербұлак» көліне тиесілі шлюзді ашуы салдарынан суармалы каналдарға шамадан тыс су кеткен. Соның салдарынан бірнеше көше су астында қалды, деп жазады inform.kz.

Оқиға 7 тамыз күні кешкі сағат 20:35 шамасында болған. Белгісіз біреу суару каналына шлюзді ашып жіберген. Соның салдарынан Достоевский, Жуанышев, Ұлбике ақын көшелеріндегі аулалар мен Ниетқалиев және Бөлтірік шешен көшелеріндегі кейбір үйлерді су басқан.

— Көршілеріміздің үйінде су 30 сантиметрге дейін көтерілді. Біздің де үй мен моншамызға су кіріп кетті, — дейді зейнеткер Светлана Геринг.

Әкімдіктің мәліметінше, барлығы 30 тұрғын үйдің ауласын және 2 жертөле бөлмесін су басқан. Дегенмен үйлердің ішкі бөлмелеріне су кірмеген.

Төтенше жағдай жедел түрде бақылауға алынды. Алдымен шлюздер жабылып, су ағыны тоқтатылды. Кейін Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары мен «Жамбыл-Су» мекемесінің қызметкерлері су тарту жұмыстарына кірісті. Барлығы 25 маман жұмылдырылды және 12 техника, оның ішінде 5 мотопомпа қолданылды.