Таразда балабақшада тәрбиеші баланың басын жарақаттады

0
77

Тәрбиеші әйелдің көк пакетпен баланың басынан қатты ұрған сәті видеоға түсіп қалған.


Таразда балабақшада тәрбиеші баланың басын жарақаттады

ERNUR.KZ. Таразда тәрбиешінің балаға қол көтерген тағы бір оқиғасы тіркелді, деп жазады baq.kz.

Оқиға Тараз қаласындағы мектепке дейінгі ұйымдардың бірінде болған. Полиция қылмыстық іс қозғады.

Тәрбиеші әйелдің көк пакетпен баланың басынан қатты ұрған сәті видеоға түсіп қалған. Сол сәтте бала басын қолымен ұстап, артқа қарай шегініп кеткені байқалады. Қатты соққыдан баланың басы жарылған.

Жамбыл облыстық полиция департаменті тәрбиеленушіге дене жарақатын келтіру фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 140-бабы "Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды, куәгерлерден жауап алынуда. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында, – делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.