Студент статусы барлар әскерге шақырылмайды

0
142

Студент деген статусы болса оқуын бітіргенше әскерге шақырылмайды.


Студент статусы барлар әскерге шақырылмайды

ERNUR.KZ. Бұл туралы сенат кулуарында Қорғаныс вице-министрі Шайх-Хасан Жазықбаев айтты, деп жазады baq.kz.

Студент деген статусы болса оқуын бітіргенше әскерге шақырылмайды. Қазіргі қаралып жатқан заңда бекітілген мәселен ЖОО-ға түседі ол уақытта ол әскерден босатылады. Одан кейін магистратураға түссе тағы да босатылады. Доктарантураға түссе тағы босатылады. Бірақ әр деңгейден бір-бір ЖОО ғана. Екінші магистратура босатылмайды,- деді ол.
Егер шақыруда тұрса заңды түрде алып кетеміз. Тек қана оқумен ғана босатылмайды. Отбасылық, денсаулық жағдайына қарайды. Шекткулерге сәйкес келмесе әскерге шақырылады, - деді ол.

Шақырыла ма, әлде күштеп алып кете ме деген сауалымызға былай жауап берді.

Біз 20 мыңын ғана шақырамыз. Тағы бір санда тұрған кісілер яғни іздеудегі егер де ол заңды бұзып жүрген болса , жергілікті органдардың ішкі істер қызметкерлерімен әскери комиссариатқа алып келінеді, - деді ол.