Степногорсктегі сауда үйлерінің бірінде әйел адам сатушыға пышақпен шабуыл жасады

0
75

​Дүкен сатушысына пышақпен шабуыл жасаған әйелді полиция ұстады.


Степногорсктегі сауда үйлерінің бірінде әйел адам сатушыға пышақпен шабуыл жасады

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Степногорск қаласындағы сауда үйлерінің бірінде қайғылы жағдайдың алдын алған оқиға болды. Бақылау камерасына түскен кадрларда әйел адамның дүкен қызметкеріне сауда залының ішінде пышақпен шабуыл жасағаны көрінеді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оқиға кезінде маңайда басқа да келушілер болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ешкім ауыр жарақат алмаған.

Әзірге оқиғаның нақты неден болғаны белгісіз. Бастапқы ақпаратқа сәйкес, шабуыл жасаған әйел психикалық дертке шалдыққан болуы мүмкін.

Ақмола облыстық полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті анықталды. Қазіргі уақытта азаматша медициналық мекемеге орналастырылды», – деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Оқиға видеосын Instagram желісіндегі «Степногорск не спит» парақшасы жариялаған.