Елімізде 65 жастан асқан жүргізушілерге жаңа талап енгізілмек

0
237

Жаңа талап бойынша олар қайта медициналық тексерістен екі жылда бір рет өтуі тиіс.


Елімізде 65 жастан асқан жүргізушілерге жаңа талап енгізілмек

Фото: polese.by

ERNUR.KZ. Тиісті құжат "Ашық НҚА" порталында қоғамдық талқылауға шығарылды, деп жазады inbusiness.kz.

Денсаулық сақтау министрлігі 65 жастан асқан жүргізушілер мен мүгедектігі бар азаматтардың медициналық тексерістен өту тәртібін нақтылауды ұсынды.

Құжатқа қатысты ұсыныстар мен ескертулерді 19 қазанға дейін беруге болады.

Ведомство жүргізуші куәлігін алуға үміткерлерді медициналық тексеруден өткізу қағидаларына өзгерістер әзірледі. Оның ішінде қайта медициналық тексеруден өту тәртібі нақтыланады. Медициналық комиссияның қорытындысы туралы мәліметтерді бірыңғай автоматтандырылған деректер базасына енгізу жоспарланып отыр.

Бұл мемлекеттік органдар арасындағы ақпарат алмасуды жеңілдетіп, көлік жүргізуге медициналық рұқсаты бар азаматтар туралы деректерді уақтылы жаңартуға мүмкіндік береді.

Министрліктің мәліметінше, 65 жастан асқан жүргізушілер мен мүгедектігі бар адамдардың екі жылда бір рет қайта медициналық тексерістен өту талабы "Жол жүрісі туралы" заңда қазірдің өзінде қарастырылған. Енді осы норманы медициналық тексеру қағидаларында нақтылау көзделіп отыр.