Құны 1,1 млрд теңге болатын 9 мемлекеттік сатып алудың күші жойылды.
© Sputnik / Владислав Воднев
Степногорск әкімдігі қаланы қысқы және жазғы күтіп-ұстау жұмыстарын жоспарлау кезінде бюджет заңнамасын бұзған.
"Жұмыстардың сметалық құны негізсіз ұлғайтылған. Артық және экономикалық тұрғыдан негізделмеген жұмыс көлемдері енгізіліп, заңнамаға сәйкес келмейтін және бәсекелестік ортаны шектейтін талаптар қойылған", - дейді прокуратура.
Құны 1,1 млрд теңге болатын 9 мемлекеттік сатып алудың күші жойылды. Сметалық құн төмендетіліп, бюджеттен негізсіз жұмсалмақ болған 386 млн теңге шығын алынып тасталды.


