СІМ АҚШ-та жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен қазақстандықтың қаза болғанын растады

0
96

24 жастағы Әсет Құралбай Иллинойс штатындағы Чикаго маңында, Форд-Хайтс елді мекенінде тұрған.


СІМ АҚШ-та жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен қазақстандықтың қаза болғанын растады

Әсет Құралбай. Фото: threads.com/@bostonglobe

ERNUR.KZ. Сыртқы істер министрлігі АҚШ-та жоғалып кеткен 24 жастағы Қазақстан азаматы Әсет Құралбайдың қаза тапқанын растады, деп жазады tengrinews.kz.

СІМ мәліметінше, Америка Құрама Штаттарының құзырлы органдары бұған дейін табылған мәйіттің кім екенін анықтады. Қаза болған адам Қазақстан азаматы Әсет Құралбай болып шықты.

"Ауыр қазаға байланысты марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтамыз", - делінген министрлік хабарламасында.

Қазіргі уақытта қазақстандық дипломаттар АҚШ-тың құзырлы органдарымен және марқұмның туыстарымен тұрақты байланыста отыр.

СІМ Әсет Құралбайдың туыстарына құжаттарды рәсімдеу және мәйітті Қазақстанға репатриациялауды ұйымдастыру мәселелері бойынша қажетті консулдық көмек көрсетіліп жатқанын хабарлады.

Мән-жайы

24 жастағы Әсет Құралбай Иллинойс штатындағы Чикаго маңында, Форд-Хайтс елді мекенінде тұрған. Ол соңғы рет 2 маусымда байланысқа шыққан. 7 маусымнан бастап оның телефоны сөндірулі болды. Үйінде құжаттары мен банк карталары қалған, ал 10 маусымда полиция жас жігіттің көлігін тапты.

Кейін СІМ Американың құзырлы органдары жоғалып кеткен Қазақстан азаматы болуы мүмкін адамның мәйітін тапқанын хабарлады. Ол кезде жеке басын анықтау шаралары жүргізіліп жатқан болатын.