Кінәлі мамандар жауапқа тартылды
фото: Sputnik / Санат Имангалиев
ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында прокурорлар 600-ден астам педагогтың дербес деректерін тарап кетуден сақтап қалды, деп жазады sputnik.kz.
Ауданның мектептері мен балабақшалары мемлекеттік сатып алу порталында міндетті медициналық тексеруден өткізу бойынша хабарландыру жариялаған. Сол кезде құжаттамаға өз қызметкерлерінің егжей-тегжейлі тізімдерін қоса тіркеген.
"Қызметкерлердің толық анкетталық деректері, атқаратын лауазымдары, тұрғылықты мекенжайлары және жеке байланыс телефон нөмірлері пайда болған. Бұл құпия ақпараттың таралуына тікелей қауіп төндірген", - дейді прокуратурада.
Заңбұзушылықтар толығымен жойылып, 611 қызметкердің заңсыз жарияланған мәліметтері өшірілді.
Кінәлі мамандар жауапқа тартылды.


