​Шығыс Қазақстан облысында есірткі зертханасы жойылды

0
214

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.


​Шығыс Қазақстан облысында есірткі зертханасы жойылды

Фото: ҚР ҰҚК

ERNUR.KZ. Биыл тамыз айында Шығыс Қазақстан облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен, есірткі зертханасын жою бойынша операцияны іске асырды, деп жазады kaz.inform.kz.

Қылмыс жасады деген күдікпен Қазақстанның екі азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.

“ Тінту кезінде 240 литрден аса психотроптық зат пен 2 тонна прекурсор, сондай-ақ есірткі дайындауға арналған зертханалық жабдық анықталып, тәркіленді. Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр “, - делінген хабарламада.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.