ШҚО-дан Қытайға әуе рейстерін іске қосу жоспарлануда

0
97

Облыс орталығының көлік инфрақұрылымын кешенді дамыту үшін кептелісті азайтуға және көше-жол желісінің өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік беретін екі жол айрығының құрылысы жүргізілуде.


ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында туризм мен заманауи инфрақұрылым белсенді дамып келеді. Жаңа әуежайлар мен жолдар салынып жатыр, тау шаңғысы саласына назар аударылып, халықаралық маршруттар іске қосылуда. Жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы әкім Нұрымбет Сақтағанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтып берді.

Туризм саласында төрт негізгі кластерді дамыту жоспарлануда: Катонқарағайдағы wellness-туризм; Марқакөлдегі экологиялық туризм; Риддердегі тау шаңғысы туризмі; Өскеменде және оған жақын аудандардағы демалыс туризмі.

«Қыстың ерте келуі және көп қар мөлшері аймақтағы тау шаңғысы саласының дамуына ерекше мүмкіндік береді. Риддер маңында «Анатау» жыл бойы жұмыс істейтін кешені салынып жатыр, ол тау туризмі мен спортшыларды даярлау орталығы болады. Халықаралық қонақ үй компаниясы PanaAsia халықаралық стандарттарға сай заманауи қонақүйлер салуда. Онкология және хирургия орталығы базасында медициналық туризм белсенді дамып келеді, ЧЕК-АП қызметтері ұсынылады», – деді өңір басшысы.

Оның айтуынша, туристерді тартуға «AltaiFest», «Шығыс Салбұрыны-2025» этномәдени фестивалі сияқты имидждік жобалар ықпал етеді, оған биыл Ресей, Қытай, Испания, Венгрия, Моңғолия, Қырғызстан және Қазақстанның барлық өңірінен 148 бүркітші жиналды. Жарқын оқиға 10 мыңнан астам көрерменді қызықтырды.

Әкім заманауи инфрақұрылымсыз саланы табысты дамыту мүмкін емес екенін атап өтті. Мәселен, биыл екі жаңа әуежайдың құрылысы жүргізіліп жатыр. «Майқапшағай» және «Үбі» өткізу пунктері, 5 теміржол вокзалы жаңғыртылуда.

Өткен жылдан бастап облыс орталығынан Мәскеу мен Новосібірге халықаралық әуе рейстері орындалады. Келесі жылдан бастап Қытайға әуе бағыты ашылады. «Өскемен-Алматы» тальго теміржол бағытын іске қосуға дайындық жүріп жатыр. Автожол желісін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Биыл 856 шақырым автожол жөнделді. Мына жобалар аяқталды: «Талдықорған – Өскемен», «Өскемен-Семей», «Қалбатау – Майқапшағай». «Өскемен – Рахман қайнарлры» жобасы бойынша жұмыстарды іске асыру жалғасуда.

Облыс орталығының көлік инфрақұрылымын кешенді дамыту үшін кептелісті азайтуға және көше-жол желісінің өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік беретін екі жол айрығының құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар Өскеменде екі көпір салынады. Келесі жылдан бастап «Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» тас жолындағы Үбі өзені арқылы өтетін апаттық көпірді қайта құру жұмыстары басталады.