Болған оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Сурет: unsplash
ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында қайғылы оқиға орын алды. Шемонаихада жергілікті дүкендердің бірінің жанында ер адам кенеттен қайтыс болды, деп жазады zakon.kz.
Қайғылы оқиға кеше, 2026 жылдың 16 шілдесінде болды, деп жазады жергілікті YK-news.kz басылымы.
Куәгерлердің айтуынша, дүкенге тауар әкелген адам кенеттен көшеде қайтыс болған.
Аталған оқиғаға қатысты өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.
"Дүкендердің бірінің жанынан қала тұрғынының денесі табылды. Айқын байқалатын дене жарақаттары жоқ. Тірі кезінде ер адам денсаулығына байланысты дәрігердің есебінде тұрған. Бұл факт белгіленген тәртіппен тіркелді, болған оқиғаның мән-жайы анықталуда", - деді ПД-дан.


