ШҚО-да дәрігерлер әйелдің өкпесін инемен тесіп алған

0
139

Бұл туралы зардап шегушінің қызы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.


ШҚО-да дәрігерлер әйелдің өкпесін инемен тесіп алған

Фото: © istockphoto.com

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысындағы шипажайлардың бірінде инемен емдеу процедурасы ауыр зардапқа әкеп соқты. Выдриха ауылында ем қабылдаған әйелдің өкпесі тесіліп, ол өлім аузынан қалды. Бұл туралы зардап шегушінің қызы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Шипажайдағы оқиға

Зардап шеккен әйелдің қызы Наталья Бугрованың айтуынша, процедураны Михаил Жмайлов есімді дәрігер жүргізген. Ине салған сәтте-ақ науқас өзін жайсыз сезініп, ауырсыну байқалғанын айтқан. Алайда, дәрігер бұған ешқандай реакция білдірмеген.

Науқасқа ине сұғылған соң, ол 20 минут бойы ауырсынып жатқан. Дәрігер болса басқа пациенттерге барып-келіп жүре берген.

Келесі күні әйелдің жағдайы нашарлап, жедел жәрдем шақырылған. Қызының сөзіне сенсек, Жмайлов науқастан инемен емдеу процедурасы туралы тіс жармауды өтініп, жедел жәрдем келгенде де қасынан шықпай, қысым көрсеткен.

Диагноз: өкпе тесілген

Кейіннен әйелді Өскемен қаласына жеткізіп, рентгенге түсіргенде дәрігерлер таңғалған. Оған пневмоторакс деген диагноз қойылды.

«Шын мәнінде, өкпе тесілген. Тағы сәл кешіккенде, бәрі кеш болар еді. Тек Өскеменде біздің қасымызда болғанда ғана анам шындықты айта алды. Оған наркозсыз пункция жасалып, плевральды аймақтан 1,5 литр ауа шығарылды», — дейді Наталья Бугрова.

Дәрігердің үстінен арыз жазылды

Зардап шегуші тарап бұл оқиғаны басқа адамдарды сақтандыру үшін жариялап отыр. Қазіргі уақытта Михаил Жмайловтың үстінен полицияға арыз жазылды.

Желі қолданушылары бұл жағдайға наразылық білдіріп, «Өкпеге дейін жету үшін инені қалай сұғу керек? Инелер теріге тек 1-2 см ғана кіруі тиіс. Бұлай терең сұғу тек дилетанттың қолынан келеді», — деген сияқты пікір қалдыруда.