ШҚО-да дәрігерге жала жапқан зейнеткер сотталды

0
211

Сот барысында әйел адам өз кінәсін мойындамады.


ШҚО-да дәрігерге жала жапқан зейнеткер сотталды

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында дәрігерге жала жапқан зейнеткерге қатысты сот ісі қаралды, деп жазады inbusiness.kz.


Аудандық соттың мәліметінше, ауыл тұрғыны WhatsApp мессенджеріндегі топта Тарбағатай аудандық аурухананың бас дәрігерінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін жалған ақпарат таратқан.



Сот барысында әйел адам өз кінәсін мойындамады. Ал дәрігер айыпталушыға қатаң жаза тағайындауды сұрады.

“ Сот жауапкерді ӘҚБтК-нің 73-3-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оның зейнеткер екенін ескере отырып, айыппұл мөлшерін 30 пайызға төмендетті. Нәтижесінде ауыл тұрғыны 495 432 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді “, – делінген хабарламада.