Заңсыз іске қатысы бар болуы мүмкін 20-дан астам адам тексеріліп жатыр.
фото : полиция
ERNUR.KZ.   Шығыс Қазақстан облысында қымбат металдарды заңсыз өндірген 19 шетелдік азамат ұсталды, — деп жазады sputnik.kz.
"Облыс аудандарының бірінде 19 шетелдік азамат пен Өскемен қаласының 2 тұрғыны ұсталды. Қымбат металдарды өндіруге арналған экскаваторлар, бульдозер, ұсатқыш қондырғылар және басқа да жабдықтар, сондай-ақ құрамында алтын мен басқа да бағалы компоненттердің белгілері бар металл бұйымдары тәркіленді", - дейді ведомство.
Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды. Заңсыз іске қатысы бар болуы мүмкін 20-дан астам адам тексеріліп жатыр.
Дәлелдер жиналып, қажетті сараптамалар жасалған.

 
                        

 
                         
                    









 
                     
                     
                     
                     
                    
