Шерзат ісі: Сотта күдікті Дархан Әскентайдың түрі көрсетілді

0
153

Отырыста іс бойынша күдіктілерден жауап алынуда.


Шерзат ісі: Сотта күдікті Дархан Әскентайдың түрі көрсетілді

ERNUR.KZ. Талдықорғанда Шерзат Болаттың қазасы бойынша сот отырысы жалғасып жатыр, деп жазады baq.kz.

Отырыста іс бойынша күдіктілерден жауап алынуда.

Сонымен қатар сотта төбелестің ең бірінші қатысушысы атанған күдікті Дархан Әскентайдың түрі көрсетілді.

Талдықорғанда өтіп жатқан сот отырысында қылмысқа күдіктіден жауап алудың бейнежазбасы тікелей эфирден берілді.

Бұған дейін сотталушы Дархан Әскентай сотқа дейінгі тергеу барысында берген жауабына келіспейтінін және қысым көрсетілгенін мәлімдеген болатын.
Оның сөзін жоққа шығару үшін прокурор Әскентай адвокатының қатысуымен жауап беріп жатқан бейнежазбаны қосуды сұрады.

Тергеуші жауап алу кезінде күдіктіден оның жағдайы туралы нақтылап сұрап, жауап алуға дайын-дайын еместігін сұрайды. Әскентай оған жауап беруге дайын екенін айтады.