​Шенген визасы қазақстандықтар үшін арзандауы мүмкін — СІМ

0
82

Қазақстан азаматтары үшін Шенген визасын алу құны төмендеуі мүмкін.


​Шенген визасы қазақстандықтар үшін арзандауы мүмкін — СІМ

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

ERNUR.KZ. Бұл бағытта Қазақстан мен Еуропалық одақ арасында келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев мәлім етті6 деп жазады inform.kz.

Министрліктің хабарлауынша, тараптар екі негізгі құжат бойынша келіссөз жүргізіп жатыр. Олар — визалық режимді жеңілдету туралы келісім және реадмиссия туралы келісім яғни, елде заңсыз жүрген тұлғаларды олардың азаматтығы бар мемлекетке қайтару тәртібі.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев атап өткендей, бұл келіссөздер визасыз режим енгізуді көздемейді. Дегенмен, келісімдерге қол жеткізілген жағдайда Шенген визасын рәсімдеу тәртібі жеңілдей түседі.
— Құжаттарға қойылатын талаптар нақты регламенттеледі. Бұл өте маңызды. Көп мәртелік виза беру мәселесі де талқыланып жатыр. Бағаға қатысты сұрақтар да бар. Біз визаның арзандауын көздеп отырмыз, — деді ол.
Вице-министрдің айтуынша, келіссөздер 2026 жылдың екінші жартысында аяқталуы мүмкін. Одан кейін құжаттарды ратификациялау рәсімі басталады.
— Біздің тарапта ратификация Парламент арқылы бір кезеңде өтеді. Ал Еуропалық одақта барлық мүше мемлекет пен Еуропарламент өз қорытындысын беруі тиіс, — деді Әлібек Бақаев.