Бұл туралы аймақтың прокуратурасы хабарлады.
Фото: ТЖМ
ERNUR.KZ. Ақмола облысының Щучье қаласында сегіз адамның өмірін қиған жарылыстан кейін дәмхананың иесі екі айға қамалды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Бұл туралы Ақмола облысының прокуратурасы хабарлады.
Щучье қаласындағы «Плов орталығы» кафеcінде болған өрт фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 292-бабының 3-бөлігі «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу, салдарынан екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан қылмыс» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ақмола облысы прокуратурасының хабарлауынша, 2026 жылғы 4 наурызда Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу соты «Плов орталығы» кафеcінің иесіне екі айға қамауға алу санкциясын берді.


