Сәуірден бастап көлік салығын төлемегендерге өсімпұл қосылады

0
66

31-ші наурыз – көлік салығын төлеудің соңғы күні.


Сәуірден бастап көлік салығын төлемегендерге өсімпұл қосылады

Фото: pexels

ERNUR.KZ. Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитеті ел азаматтарына 2025 жылғы көлік салығын төлеу мерзімі аяқталып жатқанын еске салды, деп жазады zakon.kz.

Салық мөлшері заңда белгіленген ставкалар бойынша есептеледі. Былтырғы есептік көрсеткіш – 3 мың 932 теңге.

Егер төлем уақтылы жасалмаса, сәуірден бастап әр күнге өсімпұл қосылады.

Ал 10 мамырдан кейін де берешек өтелмесе, мәжбүрлеп өндіру шаралары қолданылады – тіпті банктік шоттар мен мүлікке тыйым салынуы мүмкін.

Көлік салығы туралы ақпарат eGov және екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларында қолжетімді.