«Түркістан-Су» мекемесі тарифтік сметаны орындамағаны үшін айыппұл арқалады

0
72

Бүгінгі таңда әкімшілік айыппұл мемлекеттік бюджетке толық көлемде төленді.


«Түркістан-Су» мекемесі тарифтік сметаны орындамағаны үшін айыппұл арқалады

Түркістан қаласында «Түркістан-Су» МКК-ге тарифтік сметаны орындамағаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті «Түркістан-Су» МКК-ні әкімшілік жауапкершілікке тартты.


Жүргізілген тексеру барысында кәсіпорынның Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 26-бабы 2-тармағының 15) тармақшасының талаптарын бұзғаны анықталды. Аталған нормаға сәйкес, табиғи монополия субъектілері бекітілген тарифтік сметаларды орындауға міндетті.


Атап айтқанда, кәсіпорын 2024 жылғы суды таратушы желілер арқылы беру және сарқынды суларды бұру қызметтері бойынша бекітілген тарифтік сметаның 17 639 639 теңге көлеміндегі соманы орындамаған.


Материалдарды қарау нәтижелері бойынша Департаменттің 2025 жылғы 17 желтоқсандағы қаулысымен кәсіпорын Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 164-бабының 5-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. «Түркістан-Су» МКК-на 1 763 964 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды, бұл анықталған бұзушылық сомасының 10%-ын құрайды.


Бүгінгі таңда әкімшілік айыппұл мемлекеттік бюджетке толық көлемде төленді.


Аталған факт табиғи монополиялар саласындағы заңнама талаптарын қатаң сақтау қажеттігін көрсетеді және нарық субъектілеріне бекітілген тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламаларды тиісінше орындаудың маңыздылығын ескертеді.


Департамент заңнаманың сақталуын, тарифтік саясаттың ашықтығын және коммуналдық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ете отырып, табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін бақылау бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.

Бөлісу