​Сабуров Ресейге кіруге тыйым салынғаннан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

0
333

Жұма күні, 6 ақпанда әртіске Ресейге 50 жыл мерзімге кіруге тыйым салынғаны белгілі болды.


​Сабуров Ресейге кіруге тыйым салынғаннан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

Sputnik / Алексей Майшев

ERNUR.KZ. Қазақстандық комик Нұрлан Сабуров Ресейге кіруіне тыйым салынуына қатысты пікір білдіруден бас тартты, деп жазады sputnik.kz.

Шоуменнің айтуынша, бұл мәселемен қазір заңгерлер айналысып жатыр.
"Менің стендап-комик ретіндегі жолым шамамен 15 жыл бұрын Екатеринбургте басталып, кейін Мәскеуде жалғасты. Осы жылдар ішінде мен Ресейдің көптеген қаласында болдым… Барлық жерде мені достық пейілмен, жылы қарсы алды. Мен өзімді әртіс ретінде қалыптастырған елге алғысым шексіз. Ресейде де, одан тыс жерлерде де үлкен көпұлтты аудиторияға ие болдым", – деп жазды Сабуров.
Жұма күні, 6 ақпанда әртіске Ресейге 50 жыл мерзімге кіруге тыйым салынғаны белгілі болды.