Республикалық маңызы бар бес жолда қозғалысқа шектеу енгізілді

0
75

Қазіргі уақытта республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 762 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.


Республикалық маңызы бар бес жолда қозғалысқа шектеу енгізілді

фото: УЧС Темиртау

ERNUR.KZ. "ҚазАвтоЖол" ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше облыста жол жабылғанын хабарлады, деп жазады sputnik.kz.
Атап айтқанда, 4 облыстағы 5 республикалық маңызы бар автомобиль жолында көлік қозғалысына шектеу енгізілді:
Батыс Қазақстан облысы:
"Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы" автожолының 189-492 шақырым аралығы (Атырау облысының шекарасынан Орал қаласына дейін);
"Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы" автожолының 273-526 шақырым аралығы (Барбастау ауылынан Ақтөбе облысының шекарасына дейін).
Жетісу облысы:
"Үшарал – Достық" автожолының 84-164 шақырым аралығы (Көктұма ауылы – Достық стансасы).
Атырау облысы:
"Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы" автожолының 179-189 шақырым аралығы (Индербор кентінен Батыс Қазақстан облысының шекарасына дейін).
Ақтөбе облысы:
"Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы" автожолының 526-610 шақырым аралығы (Батыс Қазакстан облысының шекарасынан Қобда елді мекеніне дейін).
Қазіргі уақытта республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 762 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.