Ресейден арақты ең көп сатып алатын елдер тізімінде Қазақстан көш бастады

0
94

Ақшалай есептегенде, Қазақстанға экспортталған тауардың құны 25 миллион доллар болған.


Ресейден арақты ең көп сатып алатын елдер тізімінде Қазақстан көш бастады

Фото: Ru.freepik.com

ERNUR.KZ. Қазақстан әлемде ресейлік арақты сатып алатын ең ірі тұтынушыларының бірі. “Агроэкспорт” дерегінше, 2025 жылы Ресейден Қазақстанға 25 миллион долларға арақ экспортталған, деп жазады stan.kz.

2025 жылы Ресейден Қазақстанға сатылған арақ көлемі 2024 жылмен салыстырғанда ақшалай есептегенде 3 миллион долларға артқан.

Осылайша, Қазақстан ресейлік арақты ең көп сатып алатын ел болып қала береді. 2025 жылы елге 18 мың тонна арақ жеткізілсе, ал 2024 жылы 20 мың тонна алкоголь экспортталған. Бұл басқа елдермен салыстырғанда әлдеқайда көп. Мысалы, Ресейден Грузия 4 мың тонна, Қырғызстан 2,6 мың тонна, Әзірбайжан 2,5 мың тонна арақ сатып алған.

Ақшалай есептегенде, Қазақстанға экспортталған тауардың құны 25 миллион доллар болған.

  • Екінші орында – Грузия (6,5 миллион доллар);
  • Үшінші – Әзірбайжан (6 миллион доллар);
  • Төртінші – Армения (5,5 миллион доллар);
  • Бесінші – Израиль (4 миллион доллар).

Жалпы 2025 жылы Ресейден әлем елдеріне экспортталған арақтың құны – 70 миллион доллар, көлемі 42 мың тонна болған.