Сот отырысы кезінде прокурор ХҚКО қызметкерін 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруды сұраған.
фото:Sputnik / Тимур Батыршин
ERNUR.KZ. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты ХҚКО қызметкерін екі жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды, деп жазады sputnik.kz.
Тергеу материалдарына сәйкес, 2024 жылдың 8 қазанында "Т" есімді әйел ХҚКО қызметкері болып жұмыс істегенде Ресей Федерациясы азаматы атынан ақпараттық жүйеге жалған мәліметтер енгізген. Соның негізінде белгісіз біреулер банкте шот ашқан. Оған жәбірленушінің 40 миллион теңгесі аударылды.
Сот отырысы кезінде прокурор ХҚКО қызметкерін 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруды сұраған. Ал айыпталушы өз кінәсін мойындамады, адвокаты оны ақтауды өтінді.
Судья ақпараттық базаға жалған мәліметтер енгізген әйелді кінәлі деп танып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға шешім шығарды. Бірақ рақымшылық туралы заңның негізінде жазаның мерзімі 1/3-ге қысқартылып, түпкілікті 2 жыл қауіпсіздігі минималды мекемеде өтеу белгіленді.
Мұндай қылмыстардың алдын алу мақсатында сот үкімі ХҚКО операторларының қатысуымен жарияланды.