Бұл заңды ҚР Парламентінің Сенаты 2025 жылы 26 қазанда мақұлдап, қол қою үшін Мемлекет басшысына жолдаған болатын.
Президент баға беретін халықаралық орталық құру туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру қауіп-қатеріне баға беретін халықаралық орталықты құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.


