Перизат Қайраттың адвокаты апелляциялық шағым түсірді

0
85

25 шілдеде Перизат Қайрат орташа қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде 10 жылға бас бостандығынан айырылды.


Перизат Қайраттың адвокаты апелляциялық шағым түсірді

Фото: Тengrinews.kz

ERNUR.KZ. Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваның адвокаты апелляциялық шағым түсірді. Арман Дәулетияров бұл ақпаратты растады, деп жазады tengrinews.kz.

Адвокат оларды ақтауды сұрағанын айтты.


"Иә, апелляциялық шағым түсірдім. Апелляциялық шағымда қылмыс құрамы болмауына байланысты үкімнің күшін жоюды және ақтауды сұрадым", - деді адвокат.


Шағым қашан қаралатыны әзірге белгісіз. Айта кетейік, 25 шілдеде шығарылған үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, 25 шілдеде Перизат Қайрат орташа қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Перизат Қайраттың анасы 7 жылға сотталды.