Елорда автобустарында қолма-қол ақшамен жолақы төлеу қайта енгізілмек

0
148

Астана қаласы әкімдігінің қаулысы 14 қазанда ресми жарияланды. Құжат алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Елорда автобустарында қолма-қол ақшамен жолақы төлеу қайта енгізілмек

Коллаж: Kazinform

ERNUR.KZ. Елордада қалалық және қала маңы қатынастарында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау бағдарларына сараланған тариф енгізіледі, деп жазады inform.kz.

Құжатқа сәйкес, қалалық қоғамдық көлікте жолақысын электрондық жол жүру құжаты немесе электрондық төлемнің қосымша қызметтері арқылы қолма-қол ақшасыз төлеген жағдайда жолақысы 150 теңге.

Ал жедел қалалық автобустарда қолма-қол ақшасыз төлем кезінде жол жүру құны 300 теңге болып белгіленген.

Әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымал бағыттарында да электрондық төлем арқылы жол жүру ақысы 150 теңге болады.

Ал қолма-қол ақшамен төлеген кезде қалалық автобуста жол жүру құны 300 теңге. Жедел қалалық автобустарда бұл сома 400 теңге болып белгіленген.

Әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымал бағыттарында қолма-қол төлем тарифі де 300 теңге болады.

Қала маңы бағыттарында жолақысы жүрілген қашықтыққа қарай есептеледі. Электрондық төлем кезінде бір километр үшін 13 теңге, ал қолма-қол ақшамен төлеу кезінде бір километр үшін 19 теңге белгіленген.

Сонымен қатар жеңілдік картасымен әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымал бағыттарында жол жүру ақысы 0 теңге.

Электрондық жолақы төлеу жүйесі жарамсыз болған жағдайда электрондық жол жүру құжаты немесе электрондық төлемнің қосымша қызметтері арқылы төлемді жүзеге асыратын жолаушы тегін жол жүруді пайдаланады.

Осылайша, Астанада қоғамдық көлік тарифтері көлік түріне, бағыттың санатына және төлем тәсіліне қарай сараланған.

Астана қаласы әкімдігінің қаулысы 14 қазанда ресми жарияланды. Құжат алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.