Жаяу жүру де мүмкін емес: Медеу - Шымбұлақ жолы уақытша жабылады

0
142

Жол 19-22 қазан аралығында жабық болады.


Жаяу жүру де мүмкін емес: Медеу - Шымбұлақ жолы уақытша жабылады

Фото Әмір Абдулхаимов

ERNUR.KZ. Алматыда Медеу – Шымбұлақ автожолы уақытша жабылады. 19 қазаннан бастап "Горельник" визит-орталығы маңында қозғалыс толығымен тоқтатылады, деп жазады tengrinews.kz.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, бұл учаскеде диаметрі бір және бір жарым метр болатын екі темірбетон су өткізу құбырын монтаждау жұмыстары жүргізіледі. Жол 19-22 қазан аралығында жабық болады.

"Жұмыс жүргізу кезінде автокөліктер мен жаяу жүргіншілер үшін қозғалыс толығымен тоқтатылады", - делінген хабарламада.

Алматы тұрғындары мен қонақтарынан Медеу мен Шымбұлақ бағытындағы сапарлары мен жаяу маршруттарын жоспарлау кезінде осы шектеулерді ескеру сұралады.